"Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21254 болып тіркелді
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші Вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасы |
А. Цой |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Халықтың шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын жекелеген санаттарының тізбесі
№ |
Шұғыл стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың санаттары |
1. |
18 жасқа дейінгі балалар |
2. |
Жүкті әйелдер |
3. |
Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
4. |
1, 2, 3-топтағы мүгедектер |
5. |
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар |
6. |
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар |
7. |
Жасы бойынша зейнеткерлер |
8. |
Инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар |
9 |
Мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар |
10 |
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар |
Жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың санаттары |
|
1. |
18 жасқа дейінгі балалар |
2. |
Жүкті әйелдер |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК